2016 жылдық қыркүйек айында № 36 жалпы орта білім беру мектебінде мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға арналған «Отбасылық және тұлғаралық қатыныстар» атты кездесу өтті. Бұл кездесуге «Әйел келешек ұрпаққа» қоғам бірлестігінен, Павлодар ішкі істер басқармасынан, сонымен бірге психолог мамандар қатысты. Келген мұғалімдер мен ата-аналарды көптеген жаңа және өзекті мәселелермен таныстырды, әсіресе ұнағаны сенім телефоны. 11616 сенім телефоны бойынша психологиялық көмектер алуға болады. Мұғалімдер, ата-аналар кездесуден үлкен әсер алды. Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді. Жас ұрпақтың әр түрлі құлдыққа түскен жағдайлары талқыланды. Ата-аналар мен мұғалімдерге сауда қанаушылығына ұшырамауға ұсыныстар берілді және олардың құқықтық, психологиялық сауаттылықтары артты. Қорытындылай келе, қатысушылар барлығы отбасы тәрбиесінен басталатындығын түсінді. Отбасы тәрбиесі өзінің жақсы да, жаман да жемісін береді. Кездесу соңында әр бір қатысушыға ескерту қағаздары мен буклеттер таратылды.