2016 жылғы 29 тамызда мектеп оқушылары "Динамо" алаңының ашылуына қатысты. Павлодар облысы ІІД басшылығымен шөп басқан алаңқай қысқа мерзімде футбол алаңынан, теннис кортынан және тирдан тұратын спорттық кешенге айналды. енді Лесозавод шағын аудан балалары және полиция қызметкерлері бос уақыттарын спорттық ойындарды ойнай отырып өткізе алады. Айтпақшы, футбол алаңының жабынды сапасын біздің оқушылар сынап көрді. Олар басқа мектеп балаларымен бірге жолдастық жарыста Павлодар облысы әкіміне футболдағы ойын техникасының шеберлігін көрсетті. Алаң ашылуының барлық қатысушыларына ІІД қызметкерлері спорттық киім түрінде естелік сыйлықтарын табыстады.