Бүгін лагер ауысымының жабылу күні. Күн аяусыз күйдіріп тұр, масалар қаһарлы, сондықтан балаларды шауқты қала ішінде күтеміз. Барлығымыз бірге жиналып, тату-тәтті спорт залға бардық, мұнда бізді Денсаулық соқпағы күтіп тұрды. Дәмді таңғы ас балаларға сергектік және күш қосты. Күтпеген жерде Кикимораның келуі балаларды селк еткізді. Бірақ ол мейірімді болып шықты және спортты-зияткерлік мерекеге қатысу үшін балаларды спорт залға шақырды. Мұнда балалар тапсырмалар орындады, спорттық эстафеталарға қатысты. Мереке қызықты және көңілді өтті. Барлық тапсырмаларды орындап, әр команда пазл бөлшектерінен сурет жинады, бұл тәтті сыйлыққа жол көрсетті. Бірақ оны алып кету оңай болмады, өйткені қасақы сауалдарымен Кикимора араласты. Бірақ ол балаларды қорқыта алмады. Барлық қитұрқы саулдарға жауап беріп, балалар тәттілер қапшығын алды, ол өте тез тауысылып қойды. Тәттілермен қуаттанып, барлығы қызықты фильм көруге Қ.Әбусейітов атындағы МСО аттанды. Ыстық та, маса да балалардың көңіл-күйін бұза алмады. МІНЕ, БІЗДІҢ ЛАГЕР АУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ!!!