Міне, көптен күткен мерекеміз де келіп жетті. АСТАНА, туған күніңмен!!! Музыка әуенімен балалар мектеп ауласына жиналды. Салтанатты іс-шара біздің ҚР әнұранын орындаудан басталды. Астана үшін сыйлықтар асфальттегі суреттер және ұлттық әндер әуеніне флеш-моб болды. Аппақ жеңіл жейде киген және жасыл галстук таққан балалар суреттер салды, биледі, ән айтты және ұлттық ойындар ойнады. Мерекенің ерекшелігі дәстүрлі шашу болды... Сағат 12-де балалар "Менің балалық шағымның аспаны" фильмін көруге Қ.Әбусейітов орталығына жол жүрді.