"Біз балалардың еңбегін пайдалануға қарсымыз" суреттер көрмесі
08-06-2016 04:55
«Қазақстан балалары – Нұрлы болашақ», "12 күн балалардың еңбегін пайдалануға қарсы" Ұлттық ақпараттық Кампаниясы аясында, бейіндік лагердің "Изонить" отрядының балалары "Біз балалардың еңбегін пайдалануға қарсымыз" суреттер көрмесін ұйымдастырды. Шығармашылық жұмыстар акварель бояуларымен және түрлі-түсті қарандаштармен орындалды. Суреттер жалпы көрсетілімге мектептің ақпараттық стендіне орналастырылды.