Мектеп жанындағы лагердің өмірі барынша қызып жатыр. Бүгін Дымбілмес Қазақстан Республикасының рәміздерін үйренуде. "Күншуақ қаласы" мектеп жанындағы лагерь Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан бастады. Балалардың әрқайсысы "Сен ҚР рәміздерін білесің бе" зияткерлік викторинада ҚР мемлекеттік рәміздері туралы өз білімдерін көрсетті. Біз А.С.Пушкиннің тамаша ертегілерінің парақтары бойынша саяхатқа шықтық. Балалар ертегі көріп, "Что за прелесть эти сказки" викторинасында Патша қызының сауалдарына жауап берді және таза ауада ойнады. "Патриот" үгітбригадасы "Зиянды әдеттер" сахнасын қойды. "Полигон" лазер клубына барған балалар тәнті болды. Ш.Айманов атындағы театрда «Алиса в Зазеркалье» мультфильмін көрді. Ең үздіктілер грамоталармен марапатталды.