Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Халықаралық балаларды қорғау күні
02-06-2016 02:39
Халықаралық балаларды қорғау күні
Жыл сайын бүкіл әлем бойынша жаздың алғашқы күні Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Бұл күнді әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен астанасы Франция Париж қаласында 1949 жылдың қараша айында бекітілді. Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл саябақтарда серуендеумен мерекелік жазғы күн ғана емес, бұл балалардың өмірге деген, психологиялық және физикалық зорлықтан қорғауға, балалар еңбегін қанаудан сақтауға құқығын сақтау туралы ересектерді шақыру. Сонымен қатар қолдауға қажетті көптеген жетім, мүгедек, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы балалар бар. Балалық шақ адам өмірінің маңызды кезеңі болып табылады, онда мінез және дағды туындайды, сондықтан баланы қоғамдағы толыққанды өмірге дайындау керек. Осыған байланысты мектепте Халықаралық балалар күніне арналған онкүндікті өткізуге жоспар дайындалы. 19 мамырда барлық сыныптарда "Абай бол!" тақырыбына сынып сағаттары өтті, мұнда сынып жетекшілер тағы да бір рет балалармен жалпы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, жол қозғалысының ережері, төтенше жағдайда тәртіп ережелері, судағы тәртіп ережелері (шомылу маусымының ашылуына байланысты), "Абайла, кене!", көшедегі тәртіп ережелері, сондай-ақ "үйде жалғыз қалғанда" құқықбұзушылықтың алдын алу және т.б. сауалдарды талқылады. 20 мамырдан бастап мектептік кітапханада "Жазда не оқуға болады?" кітап көрмесі жұмысын бастады, мұнда кітапханашы Л.А.Куценкомен оқуға қызықты, сондай-ақ балаларға пайдалы кітаптар ұсынылды. 23 мамырдан бастап екінші қабат фойесінде "Қош келдің жаз!" суреттер көрмесі жұмысын бастады, мұнда балалар өз жұмыстарында жазғы шақты қалай жақсы көретіндерін, қалай оны күтетіндерін және қызықты жазғы демалысты қалай дәмеленетіндерін көрсете алды. 30 маусымнан бастап бірінші қабат фойесінде дәстүр бойынша "Балалық шағым тоқтай тұр" әлеуметтік жобасы өтті. 1 маусым балаларға арналған мереке күні түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 3-ші сынып оқушылары "Бэби-шлягер-2016" балабақшалардың шығармашылық ұжымының концертінде болып қайтты, мұнда түрлі би және ән нөмірлерінің қойылымымен сүйсіне алды. А.С.Орманджи жетекшілігімен хореографиялық ансамбль қыздары "Д дәрумені" Шуақты көңіл-күй мерекесі" театралды бастамасына қатысты. 3 "Б" сынып оқушылары "Шаңырақ" КМҚК өткен "Жауқазын" балалар шығармашылығының облыстық конкурсына барды. 5 "Д" сынып оқушылары "Воробьиная дискотека" болып қайтты, мұнда мерекелік және сергектік ахуалында биледі және көңіл көтерді. Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында жас сәнқойларға арналған Балалар сәні фестиваль-конкурсы ұйымдастырылды, мұнда біздің 4 "Г" сынып оқушылары Ельдана Сартаева және Арина Тумасова, сонымен қатар 5 "Б" сынып оқушысы Юлия Никитина кейіп түрінде ғана емес, сондай-ақ керексіз материалдан киім дизайнері ретінде өз шеберліктерін көрсетіп, белсенді қатысты. Жетім, аз қамтылған және көпбаплалы отбасындағы балаларға арналған К.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында мультфильмдердің қайырымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды. Қалған оқушыларға мектепте "Жаз - бұл кішкентай ертегі" спорттық іс-шаралары және "Дружат дети на планете" асфальтте суреттер ұйымдастырылды. Спорт нұсқаушысы А.В.Комкина түрлі конкурстарды дайындады: эстафета таяқшасымен жүгіру, «Пингвины», «Завяжи узелок», «Садим огород», «В лес по грибы», «Поезд» - мұнда екі команда қатысты «Смешарики» және «Фиксики». Жеңіске "Смешарики" командасы жетті.