Бірінші маусым Балаларды қорғау күні мектепте 5-10 сынып оқушыларына арналған "Арман қаласы" - жазғы бейіндік лагері өз жұмысын бастады. ең түрлі бағыттар бойынша он екі отряд жаздың алғашқы он бес күнін танымды, көңілді және қызықты өткізуді ұсынады. Жазғы бейіндік мектептің негізгі міндеттері: тұтастай заманауи әлем түсінігін, балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуын қалыптастыру болып табылады. Осы жылы балалар ғылыми және құқықтық сауалдарда өз білімдерін тереңдете алады, көркем-эстетикалық талғамын және би қабілеттерін дамыта алады, қазақ тілін, неміс тілін және ел мәдениетін үйрене алады, болашақ бірінші сынып оқушылары өздерін мектеп оқушылары рөлінде көреді, ал оныншы сынып оқушылары олардың өміріндегі алғашқы жете емтиханға дайындала бастайды. Жазғы бейіндік лагерде ЖҚЖИ және ЖӨҚЖ ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар мектеп жанындағы лагерде көптеген тиімді іс-шараларды өткізеді. Біздің жазғы Қаламыз көптеген оқушылардың Армандарын орындай бастайды! "Болашақ" отрядында жазғы ауысым маусының ашылуы "Бақытты оқиға" зияткерлік ойынымен аталды. Командалық ойын бірнеше айналымда өтті. Қатысушы балалар өз логикалық ойларын, тапқырлығын көрсетіп ғана қоймай, сондай-ақ команданың ұйымшылдығын және мысқыл сезімді де көрсетті. Айта кетсек жарыс ойынның сауалдары өмірдің барлық саласында болды. Мысалы 5 минут ішінде минуттық тіл қандай бұрышты сипаттайтының есіне түсіре алмаған, міндетті түрде достық туралы бес мақал айтты немесе қандай ыдыстан жеуге болмайды деген сауалға жауап беруі тиіс. Достық жеңіске жетті!

