23 мамырда мектептің бірінші қабат фойесінде дәстүрге айналған, Халықаралық балалар күнін мерекелеуге арналған онкүндік аясында біздің мектеп оқушыларының сәндік-қолданбалы жобалық жұмыстары көрмеге ұсынылды. Әр жұмыс өз қолдарымен орындалған. 5 және 9 сынып оқушы қыздары өздеріне ұнаған техниканы таңдады: крестпен кестелеп тігу, тоқу, баумен кестелеп тігу, декупаж және т.б. Кішіден үлкенге дейін барлығы осы көрмемен рахаттанды және көптеген жағымды әсер мен эмоциялар алды. Қыздар, осындай сұлулықты көрсеткендерің үшін рахмет!