Есте сақтасын деп...
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске және Отан қорғаушылар күніне арналған, «Патриот» әскери-патриоттық тәрбие бойынша айлық аясында, 4 және 5 мамырда тарих мұғалімі М.К.Ибраеваның жетекшілігімен бірінші сынып оқушыларына Қ.Қамзин атындағы мектептік Даңқ мұражайына экскурсия ұйымдастырылды, мұнда балаларға Кеңес Одағының Батырының өмірбаяны айтылды, әскери жылдардағы экспонаттар, хаттар және фотосуреттер көрсетілді, 1941-1945 жылдардың тарихы айтылды. 5 мамыр бастауыш сынып оқушылары Жеңістің 71-жылдығына арналған, «Асфальттегі сурет «Соғыссыз әлем» акциясына қатысты. 5 мамырда 5 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшілері М.К.Садуақасовамен бірге Оқушылар сарайының «Аталар ардагерлер– немерелер ізшілер» мұражайы базасында «Есте сақтау үшін» мұражай сабағына қатысты. 5 және 6 мамырда 7-ші сынып оқушылары ҰОС ардагері Ануарбек Хайдарович Хұсайыновқа және соғыс жылдары концлагерьге түсіп, онда 1943 жылға дейін болған, Екатерина Игнатьевна Загайноваға барып шықты. Балалар ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтады, оларға шағын концрт дайындады, сонымен қатар сол естелік күндердің қатысушыларының аузынан еске түсірулерін тыңдады. 5 және 6 мамырда мектеп фойесінде мектептің педагогикалық құрамына, ата-аналарға және оқушыларға арналған «Никто не забыт! Ничто не забыто!» әлеуметтік жобасы ұйымдастырылды. Өсіп келе жатқан ұрпақтарда азаматтықты, патриотизмді және олардың қоғам өмірінің түрлі ортасында белсенді қатысуын тәрбиелеу мақсатында, 6 мамырда мектепте ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған Ерлік сабағы өтті. 6 мамырда бастауыш сынып оқушылары Қ.Қамзиннің ескерткішінде болып қайтты, мұнда олар гүл қойып, Отанымызды фашисттерден қорғаған және 1944 жылы сәуір айында Совет Молдавиясын босату кезінде қаза тапқан Кеңес Одағының Батырының естелігіне құрмет көрсетті. 6 мамырда мектептің педагогикалық құрамына, ата-аналарға, қонақтарға және оқушыларға «Этот праздник с сединою у виска» мерекелік концерті ұйымдастырылды.