29 сәуірде № 17 ЖОМ базасында "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғам филиалымен мақсаты ойын түрінде өрт қауіпсіздік ережелерін білуді бекіту, отпен абай болу дағдысын егу, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болып табылған, Павлодар қаласы мектептерінің жас өрт сөндірушілер жасағы арасында КВН конкурсын ұйымдастырды. А.М.Зайрованың жетекшілігімен біздің мектеп жасағы бұл конкурста 3 орынды иеленді. Біздің жас құтқарушыларымыз бұл саладағы өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ шығармашылық дағдыларын және қабілеттерін көрсете алды. Осы жеңіспен командамызды құттықтаймыз! Жаңа сәттіліктер тілейміз!