"Табиғат Ана Монологы" спектаклі
2015 жылғы қыркүйек айынан бастап біздің мектеп балаларға арналған "Самал" Оңалту орталығымен тығыз ынтымақтастықта. Біз бір-бірімізге сыйлықтармен және экскурсиямен қонаққа барып қана қоймай, сонымен қатар біздің қонақтарға, соның ішінде құрметті қонағымыз, Қазақ ССР (1990) халық жазушысы, әдебиетші-жазушы, ақын, Қазақстанның қоғам-саясаткері Олжас Сүлейменовқа арналған, бірлескен күшпен "Табиғат Ананың Монологы" спектаклін дайындап жатырмыз. Және осы орасан зор оқиға қарсаңында 19 сәуірде бұл спектакль № 36 ЭБЖОБББМ 2-3 сынып оқушыларына, ата-аналарға, мектептің педагогикалық құрамына және Германиядан келген еріктілерге көрсетілді. Көрермендер спектакль идеясын, актерлік құрамның ойынын жоғары бағалады. Әр адам залдан үлкен әсермен және алғыс сөздерімен шықты.