"Үйде Ғаламтор ресурстарын пайдалану" ата-аналар жиналысы
14 сәуірде барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті. Арнайы ата-аналарға ескертпелер жасалды.
Ата-аналарға арналған компьютер қауіпсіздігі бойынша ескертпе
1. Ереже "Әлем шырмауына" деген балаларыңыздың іс-әрекетіне мұқият қараңыз: · Балаларыңызды Ғаламтор бойынша "еркін жүзуге" жібермеңіздер. Баланың Ғаламтормен қарым-қатынасына белсенді қатысыңыз, әсіресе меңгеру кезеңінде. · Баланың Ғаламтор арқылы қандай жаңалықтарды білетіні туралы және уақытылы қауіптің алдын алу туралы әңгімелесіңіз. 2. Ереже Балаға желінің әкелетін қауіпі мен мүмкіндігі туралы ақпарат беріңіз: · Балаға Ғаламторда өмірде секілді жақсы және жаман адамдар кездесетіні туралы түсіндіріңіз. Егер бала Ғаламтордың басқа пайдаланушысынан зорлығы мен жағымсыз іс-әрекетіне тап болса, оған бұл туралы жақын адамдарына хабарлау қажеттігін түсіндіріңіз.- Балаға оған қажетті ақпаратты іздеуді және оны тексеруді, сіздің көмегіңізбен жасауды үйрету. · Ақшадан айрылмас үшін, балаға ақылы ақпараттарды жүктеуде және Ғаламтордан ақылы қызмет алуда мұқият болуды үйрету, әсіресе, sms жіберу жолымен. · Балаңыз пайдалана алатын қауіпсіз, қызықты және пайдалы ресурстардың тізімін құру және оларды пайдалануға кеңес беріңіз.
- Егер компьютерді барлық отбасы мүшелері қолданса, оны баланың бөлмесіне емес, барлық отбасы мүшелерінің қол жетімді жеріне орнатыңыз.
- Компьютеріңізге ересектерге және балаларға арналған есеп жазбасын жасаңыз. Бұл баланы қауіп -қатерден сақтап қана қоймай, сондай-ақ сіздің жеке деректеріңізді сақтайды.
- Балаңыздың кіріп шығатын ресурстарын үнемі қадағалаңыз. Компьютердің қарапайым күйге келтірілуі балаңыздың қандай ақпаратты қарағанын біліп отыруыңызға мүмкіндік береді. 4. Ереже Баланың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз ету керектігін білу үшін, үнемі компьютер сауаттылық деңгейін арттырып отырыңыз:
- Компьютер және Ғаламтор сауаттылығының деңгейін арттырудың ыңғайлы мүмкіндіктерін қолданыңыз, мысалы, курстарға бару, әрнайы әдебиетті оқу, сарапшылармен кеңесу. · Барлық отбасы мүшелерін Ғаламтордағы және компьютердегі қауіпсіз жұмыс негізгі қағидаларымен таныстырыңыз.
