"Қауіпсіз Ғаламтор" сынып сағаты

Кәмелет жасқа толмаған пайдаланушылар санының өсуіне байланысты, ақпаратты-телекоммуникациялық желілерде балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамту мәселесі одан да өзекті болып келеді. Қоғам дамуының заманауи жағдайларында компьютер бала үшін "дос" және "көмекші", сондай-ақ "тәрбиеші" және "мұғалім" болып кетті. Жалпыға бірдей ақпараттандыру және қолжетімді, жылдамдығы жоғары Ғаламтор үлкен қала және кіші ауыл тұрғындарын сапалы білім алу мүмкіндігінде теңестірді. Сонда да компьютермен жұмыс кезінде бірқатар аспектілер бар, соның ішінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың физикалық, моральды, рухани денсаулығына жағымсыз әсер ететін, психикалық тұрақсыз оқушылардың тәртібінде мәселе тудыратын, балаларға қауіп төндіріп тұрған, Ғаламтор желісі. Осыған байланысты бар күшімізді балардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауға бағыттауымыз қажет. Өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру, баланың ақпаратты іріктеудегі қарапайым ережелерін білуі, сонымен қатар онымен қолдана білу балалардың құқығын қорғау жүйесін дамытуға жағдай жасайды.
