"Қауіпсіз Ғаламтор"
Ғаламтордағы қауіпсіз тәртіп бойынша балаларға арналған Ескертпе
Өзін, өз отбасысын, өз ата-анасын ғаламтор қауіпінен сақтау үшін, бала Ғаламторда жұмыс кезінде келесідей сақтық шараларын қолдануы тиіс:- өз есіміңді, телефон нөміріңді, тұрғылықты немесе оқу орын мекенжайын, құпиясөзді немесе несие картаның нөмірін, бос уақытынды өткізетін орынды ешқашан хабарламаңыз.
- жеке бас, соның ішінде: сіз оқитын мектеп, жиі баратын немесе баруға жоспарлаған орын туралы мәліметті бермейтін, сексуалды тұспалсыз, бейтарап экран есімін қолданыңыз.
- егер компьютер жұмысында сізді бір нәрсе шошытса, дереу оны сөндіріңіз. Бұл туралы ата-анаға немесе басқа ересек адамдарға айтыңыз.
- сізде үрей немесе қымсыну тудырған, Ғаламтордағы барлық жағдайларды ересек адамдарға хабарлап отырыңыз.
- қажетсіз хабарламаларды және спамды оқшаулау үшін электронды пошта сүзгісін қолданыңыз.
- ешқашан Ғаламторда танысқан адамдармен жеке кездесуге келіспеңіз. Мұндай ұсыныстар туралы дереу ата-аналарыңа хабарлаңдар.
- электронды поштада, хабарламамен алмасу жүйесінде немесе чатта, біреу жеке басқа қатысты сауалдар қоятын болса, қандай да болмасын байланысты үзіңіз.
