Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Наурыз мейрамы құтты болсын!
24-03-2016 05:03
Наурыз мейрамы құтты болсын!
22 наурызда Қазақстан бейбітшілік және көктем мерекесі, жаңа өмірді жандандыратын мереке - Наурыз мейрамын атап өтеді. Наурыз - парсы тілінен аударғанда "жаңа күн" деген мағына білдіреді. Бұл мереке бастаманың басын, табиғаттың өркендеуін кейіптейтін мереке. "Ұлыстың ұлы күні" көктемгі күні отбасыға, халыққа, қалаға және тұтаста" Отанға деген қатынас бойынша жаман ойлардан, істерден және әдеттерден тазаруды бейнелейді. Осындай тамаша күні 22 наурызда № 36 ЭБЖОБББМ Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Біздің кішкентай 2-4 сынып оқушылары үшін спорттық ұлттық ойындарда жарыстар өтті, мұнда балалар жеңімпаз атағына жарысты. Оқушылар "Бәйге", "Тымақ ұру", "Аударыспақ", «Қыз қуу», «Жаяу тартыс» және «Күме алу» секілді спорттық жарыстарға қатысты. Жарыстарға 2-ші сыныптар "Леопард" және "Жігіттер", 3-ші сыныптар "От" және "Найзағай", 4-ші сыныптар "Жебе" және "Көшбасшы" командалары қатысты. Барлық командалар грамоталармен белгіленді. Ал мектептің шағын ауданының тұрғындары үшін билермен және әндермен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, достық және жемістіктің нышаны болып табылады. Ертеде Наурыз келмей тұрып, адамдар үйлерін және шаруашылықтарын тәртіпке келтіреді, мереке құрметіне ағаштар және гүлдер отырғызған. Ал 21 нен 22 не қараған түні Наурыз-көже дайындаған. Егер Наурыз таза үйдің жақсы қожайынына кірсе, ауру, сәтсіздік оны айналып өтеді, ал берекелі мерекелеу үйге молшылық және бір жылға сәттілік әкеледі деп есептеген. Біз де әрқайсысына бейбітшілік және келісім, жылулық және жайлылық, бақыт және үйлесімдікті, амандық және өркендеуді тілейміз!