Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 305
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
АҚ және ТЖ күні
10-03-2016 09:25
АҚ және ТЖ күні
10 наурызда азаматтық қорғау күнін мерекелеу аясында, төтенше жағдайларда оқушылардың тәртіп дағыдысын қалыптастыру мақсатында, № ЭБЖОБББМ "АҚ және ТЖ күні" өтті. Күн тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу сауалдары бойынша сынып сағаттарынан басталды: 1-2 сыныптар үшін "Жол жүру ережелерін біл және сақта", 3-4 сыныптар үшін "Біздің жергілікті су қоймалары, шомылу ережелері және қауіпсіздік шаралары" 5 -ші сыныптар үшін "Өрт қауіпсіздік ережелері" мектеп үгітбригадасы, 6-7 сыныптар үшін "Климатогеографиялық жағдайлар ауысымынң адам ағзасына әсері", 8-9 сыныптар "Түрлі ТЖ кезінде алғашқы медициналық көмек", 10-11 сыныптар үшін "ТЖ салдарынан тұрғындарды қорғау бойынша негізгі іс-шаралар". Сынып сағаттарды тәжірибелік шығуы мектеп фойесінде дайындалған суреттер және постерлер көрмесі болды. Күні бойы мектептің бірінші қабат фойесінде оқушылар, олардың ата-аналары және мектептің педагогикалық құрамы үшін "ТЖ болған кезде тұрғындардың іс-әрекеті" әлеуметтік жобасы "жұмыс істеді". Біздің "АҚ және ТЖ күніміздің" соңғы кезеңі 8-11 сынып оқушыларының командасы арасында өзіне бірқатар тапсырмаларды қосқан, әскери-спорттық эстафета болды: "Сәлемдесу" сайысы, мұнда командалар өз командасының атын, ұранын және эмблемасын ұсынды; "Ұлдарға арналған спорттық эстафета" сайысы; "Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсету" және "Зардап шеккенді тасымалдау" сайысы, мұнда оқушыға "зардап шегушіге" таңғыш салу қажет, ал қалған команда қатысушылары зардап шеккенді зембілде "Бекетке"апару керек; "Бейімделу" сайысы, мұнда әр қатысушы жергілікте бейімделу бойынша бірқатар тапсырма орындау керек; "Биология" сайысы, мұнда қатысушыларға ТЖ болған кезде пайдалы және қажетті өсімдіктерді анықтауы қажет; "Мерген" сайысы, мұның мақсаты көздеген нысанға тигізу. Эстафета нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: 1 орын – 11-ші сыныптардың «Бірлік» құрама командасы , 2 орын – 8 «А» сыныптың «Монолит» командасы және 3 орын – 10-шы сыныптардың «Филин» құрама командасы.