Бүгін 1 наурыз күні біздің үлкен еліміз алғаш рет, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевпен 2016 жылғы 14 қаңтарда № 173 Жарлығымен бекітілген, Алғыс айту күнін атап өтуде. Осы мереке құрметіне біздің мектепте түрлі іс-шаралар өтті. Біздің кішкентай әлеміміз «№ 36 мектептің» әр «тұрғынының» күні біздің өміріміздегі әр адамға алғыс айту сөздерінен басталды. Азаматтықты, бір-біріне құрметпен қарауды, біздің ортақ тарихымызға құрметті нығайту мақсатында, сыныптарда «Алғыс айту парызым» тақырыбына сынып сағаттары өтті. Алғыс айту күні – бұл қайрымдылық дәстүрінің, әлеуметтік ынтымақтастық және өзара қолдау көрсету күні. Бұл қайырымдылықтың рухани дәстүрінің, ашық жанның, бөлісуге дайын және бір-біріне көмек көрсету күні. Және осы күні 10 «А» сынып оқушылары ДТЖжО М.С.Магомедовамен., сынып жетекшілері З.Е.Баильдиновамен және «Родник» экологиялық клубының жетекшісі Л.В.Даниловамен бірлесіп, тығыз ынтымақтастық орнатылған, «Самал» балаларды оңалту орталығына «Балаларға күлкі сыйла» қайырымдылық акциясымен барды. Балалар сәбилерге жұмсақ ойыншық, кітап түрінде сыйлықтар жасады және олармен ойнады. Біздің кездесуіміздің соңында балалар ойыншықтарын алып, ұйықтауға кетті. Әр тәрбиеленушінің көздерінде қаншама қуаныш болды, олардың жүздеріндегі бақытты күлкі, біздің әр кездесуіміздің – ұмытылмас сезімдер, әр қайсысына қызықты және көптен күткен сәт екендігін айтады.