Ауған әндерінің Фестивалі
Жастарда белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери-патриоттық әндерге және оның патриоттық тәрбиедегі рөліне оқушылардың қызығушылығын арттыру, сонымен қатар қалада дарынды жастарды анықтау мақсатында, Ауғанстаннан Совет әскерін шығарудың 27-ші жылдығына арналған Ауған әндерінің фестивалі өтуде. 5 қаңтарда № 36 ЭБЖОБББМ базасында № 18, 41, 36 және 14 мектеп оқушылары қатысқан, № 12 мектеп оқушысы, конкурстан тыс орындаған, "Жүректердің жанды естелігі" атты фестивальдің алғашқы іріктеу туры өтті. Конкурс әділ-қазылары 13 ақпанда гала-концертке шығатын орындаушыларды таңдады. Өзгеше есте қаларлық нөмірлер № 18 ЖОМ оқушылары Сергей Аксенов және Тимур Шакировтың орындауындағы "Мы уходили" әні, № 41 ЖОМ оқушысы Любови Беликтің орындауындағы "Опять тревога" әні және № 36 ЖОМ оқушысы Богдан Нуркеевтің орындауындағы "Дорога" әні болды.