Алкогольді қабылдаудан бас тарту күні
29 қазан – Ұлттық алкогольді қабылдаудан бас тарту күні. Осы күнге байланысты, сонымен қатар алкоголизмнің алдын алу онкүндігі аясында 9-шы сынып оқушылары үшін Л.Г.Деревянконың жетекшілігімен 9 "Г" сынып оқушыларымен "Алкоголизмнің алдын алу" тақырыбына сынып сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында әр сынып алкогольдің адам ағзасына және өміріне зияны туралы үгітбригаданың шығуын дайындады. Сынып сағат соңында оқушыларға "Алкогольді қабылдаудың алдын алу" фильмі және презентациясы көрсетілді.