"Дені сау жастар - дені сау ұлт" акциясы
16 қыркүйекте № 36 ЭБЖОБББМ 8-9 сынып оқушылары негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау болып табылатын қалалық "Дені сау жастар - дені сау ұлт" акциясына қатысты. Павлодар облысының жастар саясатының сауалдары жөніндегі Басқарма қолдауымен жастарға қызмет көрсету орталығында «Challenge» қоғамдық қорының еріктілері балалармен ЖЖТИ алдын алу және отбасыны жоспарлау бойынша тренинг өткізді, содан кейін Павлодар қаласының жастары қала тұрғындарын өз балаларына назарын аударту мақсатында Ломов көшесі бойымен маршпен өтті. Жалпы ұран "Сенің денің сау болса - баланың да дені сау" болды. Акция марш қатысушыларын қуана қолдаған көптеген жүргіншілердің назарын аудартты.