
2015 жылғы 11 қыркүйекте № 36 ЭБЖОБББМ "Оқыту процесін жетілдіруге жергілікті әрекет ету мақсатында Lesson study тәсілдемесін қолдану" тақырыбы бойынша шетел тілі мұғалімдерініғ облыстық шығармашылық тобына арналған коучинг өтті.
Мұғалімдерге оқу станциялары бойынша жұмыс ұсынылды. Әсіресе, 2 станцияда мұғалімдер жақсы еңбектенді: 1. Оқушының сабағын бақылау құралын құрастыру және 7 сыныпта неміс тілінен ұсынылған қысқа мерзімді жоспарлауда АВС оқушыларының сәттілік критерияларын анықтау. Сонымен қатар мұғалімдер "Лессон стади" педагогикалық тәсілдемесі туралы білімдерін тексере отырып, "Бинго" ойнады, басқа кезеңде бір-бірімен сабақ талдауының кестесін талқылады. Коучингтің аяқ кезінде қатысушылар "Лессон стади" өткізу кезінде мыналар маңызды екендігі туралы тұжырымға келді: сабақты жоспарлау; жоғары, орта, төмен үлгеріммен оқушыларға тапсырмалардың саралап таңдау; сабақты бақылау; оның сапасын жақсатру мақсатында әріптестерімен бірге өткізілетін сабақ талдауы.