"Сағымдағы ғажайыптар" бейіндік лагері
Кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттарды қабылдаудың алдын алу аясында 8 маусымда Н.А.Балобанның жетекшілігімен "ЖӨҚЖ" отряд және А.В.Корионованың жетекшілігімен "Қыз аруы" отряд оқушылары темекінің зияны және шылымдық қоспаларды қабылдау туралы нарколог-дәрігерінің әңгімелесуіне қатысты. Әңгіме барысында кәмелетке толмағандарға шылымдық қоспалардың түрлері, олардың денсаулыққа және біздің ағзамызға тигізетін әсері туралы айтылды, сонымен қатар оқушыларға бейнеролик көрсетілді.