Бүгін лагерьде қалпақтар күні. Қалпақтар үлгісінің түрлілігі барлығын таңқалдырды. Біздің қыздар нағыз ханымдай, ал ұлдарымыз джентльмен және батыл ковбойдай көрінді. Күн барысында бізге қонаққа қуыршақ театры келді. Спектакль кейіпкерлері Бактериус және Кариус балаларды ауыз қуысының гигиенасымен таныстырды және тістерді дұрыс тазалауға үйретті. 7 отряд Қалсаябақта болды және "Лазер топ" ойынына қатысты. Асфальтте "Армысың жаз" суреттер конкурсы өтті. Таза ауадағы ойындар балаларға денсаулық және көңілді күй сыйлады.