Ұзақ ғасырлар бойы ұланғайыр жерге иелік етіп, бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап келді, біздің халық. Тарихтың ұлы көшінде «мың өліп, мың тірілсе» де, «аттың жалында, түйенің қомында» жүріп, түрлі кезеңнен өтсе де, ұлттық болмысы мен ұлттық ойындарын барынша сақтап қалды. Бұл қазақтың «батыр туып, балуан болған» ұлдары мен «асыл туып, ана болған» қыздарының арқасы. Қасиет дарыған қанының тазалығы, таза тек, жігер мен рух негізінде бүгінгі күнге жетті.
№36 мектепте «Қарлығаш» шағын орталықта өткен «Қазақтың ұлттық ойындары» фестивалі – шын мәнінде ұлттық болмысымызды дәріптеген фестиваль болды. Ойын барысында балалар өзінара сайысқа түсіп, өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ ән-күймен ойын барысын нәрлендіріп отырды.
