«Фольклор атамызға қонаққа»
Фольклор мерекесінің негізгі мақсаты – халық өнері арқылы балаларды халық салт-дәстүрімен таныстыру.
Осындай қызмет түрі арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды халық мәдениетімен таныстырдық, туған өлкеге деген махаббатты тәрбиеледік. Фольклор мерекесі еркін, көңілді түрде өткен ересектер мен балалардың жарқын, алуан түрлі, эмоционалды және толыққанды қарым-қатынасымен аяқталды. Фольклор меркесінің табысты жүзеге асырылуына көркем, ғылыми-танымал әдебиетінің және музыка репертуарының сәтті таңдауы ықпал етті.
