«Білгір ЖЖЕ үйренеді»
Бүгін «Күншуақ қаласы» лагерінің үшінші күні. Күніміз сергек жаттығудан және денсаулық соқпағынан басталды. Таңғы астан кейін біздің «Күншуақ қаласы» Аймауытов атындағы Драма театрына барды. Театрдан оралғаннан кейін біз мектеп алаңына бардық, мұнда жол жүру ережелерін білуге станция бойынша ойындар өткізілді. Тынығу сағатынан және бесін астан кейін бізде таза ауада ойындар өткізілді. Күніміз ұйымдастырылған жиынмен және күнді қорытындылаумен аяқталды.
