Тілдер апталығында өткізілген сыныптан тыс іс-шара
22 қыркүйек - Тілдер мерекесі қарсаңында қазақ тілі мен әдебиет әдістеме бірлестігі өзінің сыныптан тыс іс-шаралар апталығын бастады. Апталық жоспары құрылып, әр сыныптарда түрлі шаралар өтіп жатыр. Осындай іс-шаралардың бірін 20 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Гүлжан Дүйсенқызы Абдрахманова мен Ғалия Сайлаубекқызы Мергалимова 6 сыныптар арасында "Тапқырлар алаңы" интелектуалдық сайысын өткізді. Сайыс 4 кезеңнен құрылып, тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырды. Сайыс қорытындысы бойынша 6 "В" сынып оқушылары I орынға ие болды.Іс-шараға белсенділік танытқан оқушыларға үлкен алғыс айтамыз.
