Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 51
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 18
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Тілге құрмет – елге құрмет
22-09-2017 03:31
Тілге құрмет – елге құрмет

2017 жылдың 21 қыркүйегінде тілдер апталығына орай «Тілге құрмет – елге құрмет» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа 10 «А» және 10 «Б» сынып оқушылары қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. I кезең – «Көкпар» сайысы, II кезең – «Тапқырлар» сайысы. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Р.Е.Маукенова өткізді.
Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыра отырып, оқушылардың ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету.
Қазақ тілінің грамматикасы, қазақ әдебиеті, Мемлекеттік тіл, мемлекеттік мерекелер, салт-дәстүр тақырыптары бойынша ұяшықтарда тапсырмалар берілді. Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтарында берілген сұрақтарға жауап берді. Отанға деген сүйіспеншіліктерін, мемлекеттік тілге қызығушылықтарын арттыру, ұшқыр ойды дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын арттыратын тәрбиелік мәні зор сайыс өтті деуге болады.
Сайыс соңында жеңімпаздар аталып, мақтау грамоталарымен марапатталды.