Құттықтаймыз!!!
17 қараша күні С Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ІХ Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл конференцияға Хорватияның Загреб университетінің профессоры Младен Кунинич, Алтай мемлекеттік университетінің отандық және шетел өнері кафедрасының меңгерушісі Тамара Михайловна Степанская, С.Торайғыров атындағы ПМУ филология ғылымдарының докторы, профессор.А.Қ. Трушев сияқты атақты ғалымдар өздерінің баяндамаларын оқып, өз ойларымен бөлісті. Біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абикенова Айнұр Қайырбекқызы қатысып алғыс хат және сертификат иеленді.Құттықтаймыз!!!
