22 қараша күні №36 ЭБББЖОМ қазақ тілі пәні апталығы шеңберінде «Алтын адам-тарихи мұра » атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Шара елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » атты жобасы негізінде іске асырылды. Дөңгелек үстелге қаламыздағы Г.Н.Потанин атындағы өлкетану мұражайының тарих және өлкетану бөлімінің басшысы –Гүлжайнат Мағазқызы Алиева және С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті,тарих ғылымдарының доценті,этнология докторы-Ернұр Кендібайұлы Рахимов қатысып оқушылармен пікір алысты. Оқушылар «Алтын адам» жайлы сұрақтарын қойып ,қызықты мәліметтер алды. Мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Г.Ж.Джахаева келген қонақтарға алғысын білдіріп,осы дөңгелек үстелдің оқушылар мен ұстаздар үшін өте маңызды екендігіне тоқталып өтті. Шара соңы әуезді әнмен қорытындыланды.
