Құттықтаймыз!!!
12 наурыз күні 39 мектепте қалалық "Əй, жарайсың" сайысының финалы өтті. Біздің мектептен 7-8 сыныптардан Литвин Маргарита, Забродин Максим, Мишнёва Ульяна, Ковалев Данил, Мотовольник Альбина, Максюта Валентина "Ұлы дала қырандары" атты топ құрып, қатысты. Оқушылар өздерінің бар өнерлері мен білімдерін ортаға салып, үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды дайындаған мұғалімдері Замзагүл Жұмагелдіқызына, Гүлнар Жұмайқызына, Альмира Мұхитқызына, Гүлжан Дүйсенқызына алғысымызды білдіреміз. Шығармашылық белестерден көріне беріңіздер деп тілейміз.
