Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: 140000, г. Павлодар, ул. Шевченко 1
8 (7182) 61-30-12 (приемная)
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 16:00 - 18:00, Пятница 9:00 - 12:00
Цель посещения сайта?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 51
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 18
Всего проголосовало: 307
Смотреть результат
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Қазақ тілі мен әдебиет әдістеме бірлестігіндегі семинар
14-03-2018 23:21
Қазақ тілі мен әдебиет әдістеме бірлестігіндегі семинар

2017-2018 оқу жылының 14 наурызында №36 ЭБЖОБББМ қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ» семинар өтті.
Өткізген мұғалімдер: Маукенова Р.Е; Мергалимова Ғ.С.

Мақсаты: Мұғалімдердің өз бойындағы рефлексиялық қабілеттерін дамыту және әр атқарған ісін талдай отырып, оны одан әрі жетілдіру.
 Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі. «Рефлексия» сөзі латын тілінде «reflexio» - артқа қарайлау деген мағына білдіреді. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қазіргі жағдайында мұғалімдердің кәсіби қызметтегі өзгерістерге бейімделуіне, өзін-өзі және қоршаған ортаны түсіне білу қабілетін қалыптастыруына, үнемі өз бетінше білім алуға және практикалық қызметке дайын болуына мүмкіндік беретіндей оқыту ортасы мен жағдайды ұйымдастыру басты назарда.