Мемлекеттік тілді насихаттау күніне арналған акция
Сәуірдің 16-17 аралығында № 36 мектебінде "Мемлекеттік тілді білу - әр азаматтың борышы" акциясы өткізілді. Осы акция салтанатты түрде ашылды.Бұл шараның мақсаты-оқушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету. 10-11 сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына үгіт парақшаларын таратып, мемлекеттік тіліміз туралы қысқаша мәлімет берді. Акцияға жауапты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Дощанова Қ.Б., Абикенова А.Қ.
