Республикалық диктант өткізілді
2018 жылдың 20-қыркүйегінде мектебімізде 5-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астананың 20 жылдығына арналған "АСТАНА-БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ" жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Ашық диктанттың мақсаты- мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Бұл ашық диктантты жазуда оқушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге үлкен мүмкіндік беру арқылы қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аудартылды.
