№36 жалпы орта білім беру мектебінде 10-11-сынып оқушылары арасында
Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу.
Оқушылар Шәкәрім поэзиясын, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыланып, Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушылар өзі ойын қорытып айта алды.
Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығы, адамгершілік қасиеттері қалыптасып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйенуге баулыды.
Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал етілді, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білді, тіл байлықтарын шыңдап, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктері қалыптасты.
