"Ұлттық валютамыз - теңгенің"
Бүгін 15 қараша күні 36 мектептің 6"г" сыныбының жетекшісі З.Ж.Апсалямова өз сыныбымен "Ұлттық валютамыз - теңгенің" 25 жылдық мерейтойына арналған сынып сағатын өткізді. Оқушыларға төл теңгеміздің шығу тарихына шолу жасап, теңгенің айналымға енгізілгеннен бүгінгі таңға дейінгі түрлеріне тоқтады. Ұлттық валютамыздың экономикалық-саяси маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар бұл сынып сағатынан өздеріне керекті мәліметтер алды.

