Қарашаның 26 күнінде №36 мектебінің 6 «В» сынып оқушылары №8 қалалық кітапханасында өткізілген «Ата мұрам – алтын қазынам» деген атты әдеби – саз композициясына қатысты.
Бұл шара қадірлі қонақтар қатысуымен өтті. Олар: Мұсылман әйелдер Лигасының төрайымы Зара-апа Қожахметова,Сауқан – апа Райысова, Баян-апа Ахметжанова, Ырысты –апа Ахметова,орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Е.Әлімгаринова. Мұнда қазақ дәстүрлерімен танысу, ата-бабалардың нақыл сөздерін есте сақтау, үлкендерді құрметтеу, кішіге қамқор болу үшін түрлі қойылымдар және мақал-мәтел сайыстары ұйымдастырылды.
Біздің оқушыларға осы іс-шара үлкен әсер етті.Балалар әжелердің әніне,биіне таңқалып, өз алғыстарын білдірді. Әжелердің баталарын жадында сақтап, олардан өнегі-үлгі алуына тырысады деп ойлаймыз. Осындай іс –шаралар жиі болсын дегіміз келеді.

