«Попрашайка» атты Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінің аясында, ағымдағы жылдың 9-16 қараша аралығында, Павлодар қаласының Оңтүстік ПБ аумағында № 36 ЭБЖББМ әкімшілігі және Оңтүстік ПБ-нің инспекторлары бірлесе отырып, қайыршылыққа бейім, кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейд өткізді. Аталмыш рейд барысында орталықтар, базарлар, мешіттер, фаст-фуд сататын орындар тексерілді. Тексеріс шаралары кезінде «KFC» кафесінің жанында, кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайыр сұрау фактісі анықталды. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және онымен, одан әрі жол бермеу туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Аталған құқық бұзушылық бойынша, Оңтүстік ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім қызметкерлері, кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша, әкімшілік хаттама толтырды.
