«III КВН кубогы»
2019 жылдың 9 қарашасында, Естай ат.мәдениет сарайында КТК ойынның туған күніне арналған «III КВН кубогы» қалалық фестивалі өтті. Оған он бір команда қатысты. Колледждерден, қаланың жоғары оқу орындарынан келген павлодарлық командалар мен «МиниГорПедСовет» білім беру саласында жұмыс істейтін жастар құрама командасы қатысты . Команда құрамына: № 41 орта мектептің география пәнінің мұғалімі - Шевченко Алена, № 34 орта мектептің музыка пәні мұғалімі - Жабыков Тимур, №18 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі - Дегтярева-Ковш Галина, № 29 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі - Умаров Олжас, команда капитаны - № 36 орта мектептің ДТжО Садыков Еркебұлан. Жас ұстаздар командасы құрметті қола кубогына ие болды! Жеңісіңіз құтты болсын!


