Халықаралық еріктілер күні
5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күні! №36 ЭБЖОБББМ 4 «Д» сынып оқушылары еріктілер қозғалысының белсенділері «ЭКОboom» облыстық жобасының «Жақсылық жаса» акциясына үнемі қатысады. Оқу жылы бойы балалар Павлодар қаласының мейірімділік клубына беру үшін пластикалық бөтелкелерден, тіс пастасы бар тюбиктерден, кремдерден қақпақтар жинайды. Қақпақтан түскен ақшаны еріктілер қайырымдылыққа, мұқтаж балалардың еміне беретін болады. Балалардың еріктілер қозғалысына қатысуы осымен аяқталмайды. Өйткені, қайырымдылық - бұл бір реттік науқан емес, бұл жан жағдайы. Ересектердің міндеті - балаларды басқаның қайғысына бей-жай қарамауға үйрету.
