«Дарынды ұрпақ - ел болашағы»
2019 жылғы 13 желтоқсан күні № 36 ЭБЖОБББМ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» бірінші сынып оқушыларының жалпы республикалық бірыңғай патриоттық форумы өтті. Өз елінің патриоты болу - адам үшін әрқашан үлкен құрмет. Патриотизм табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, аға ұрпаққа, өз халқының, отбасының дәстүрлеріне құрметпен қарау арқылы көрінеді. Балалар «Елім менің аңсаған! Гүлдене бер Қазақстан!» ұранын айтты және патриоттық флешмоб өткізді.
