Петропавл қаласында Қазақ ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.И.Ямпольскийді еске алуға арналған спорттық акробатика, акробатикалық жолда және батутта секіруден Халықаралық турнир өтті
Петропавл қаласында Қазақ ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.И.Ямпольскийді еске алуға арналған спорттық акробатика, акробатикалық жолда және батутта секіруден Халықаралық турнир өтті. Онда № 36 ЭБЖОБББМ оқушылары тамаша өнер көрсетті: 7 «А» сынып оқушысы, Семченко Екатерина – 2 орын және 7 «Г» сынып оқушысы, Анциферов Дмитрий – 3 орын. Балаларды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жеңістер тілейміз!
