Бүгін мектебімізде ақын, публицист, қоғам қайраткері, жерлесіміз Мүбәрак Жаманбалиновтың оқулары өтті
Бүгін мектебімізде ақын, публицист, қоғам қайраткері, жерлесіміз Мүбәрак Жаманбалиновтың оқулары өтті. Байқаудың мақсаты: балдырған ұрпақты отансүйгіштікке, Қазақстандық патриотизмге баулу, көркемсөз оқу арқылы мәнерлеп оқу, жатқа айту дағдыларын жетілдіру. Сайысқа төртінші сынып оқушылары белсенді қатысып ақын өлеңдерін оқыды. Кеш соңында викториналық сұрақтарға жауап беріп ақын туралы сырсандықтарын толықтырып қайтты.
