«Мен OFFLINE»
№ 36 ЭБЖОБББМ оқушылары 2020 жылғы 26 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясына белсенді қатысты. Іс-шара мақсаты: интернет тәуелділіктің алдын алу, балаларды компьютерлерден және жаһандық желіден бір күнге алаңдату, бұл күнді тек қана «шынайы» әлемде өмір сүру, жақын адамдармен қарым-қатынас жасау немесе сүйікті хоббиге арнау. Бастауыш сынып оқушылары «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты суреттер байқауына қатысты, ал жоғары сынып оқушылары «Мен OFFLINE» тақырыбына эссе жазды.
