Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 66-12-63
Мекенжайы: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 49
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 17
Всего проголосовало: 304
Смотреть результат
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
⭕️ Халықаралық байқауда жас бишілердің Гран-приі
04-02-2020 12:51
⭕️ Халықаралық байқауда жас бишілердің Гран-приі
2020 жылы 25 қаңтарда Естай атындағы ҚМС «ZHULDYZ ART MUSIC FESTIVAL» ашық халықаралық байқауына Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Қарағанды, Семей қалаларының балалар көркемөнер ұжымдары мен 500-ден астам балалары, оның ішінде Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 бейіндік мектебінің «Мәдени революция» 2 би тобы қатысты. Байқаудың ұйымдастырушылары республикалық, халықаралық байқаулардың ұйымдастырушысы, Оңалбай Ляззат Әлімханқызы, композитор, С.Торайғыров атындағы университеттің профессоры, Назымбек Дүкенбай, Қазақстанның еңбек сіңірген балетмейстер-хореографы, Беков Нұрлан болып табылады. Байқау 3 номинация бойынша өтті: «Вокалдық өнер», «Аспаптық өнер», «Хореографиялық өнер». Байқаудың қорытындысы бойынша «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша орта жас санатында қытайлық «Ханами» биі үшін «Мәдени революция» тобы Бас жүлдені жеңіп алды, кіші жас санатында мәнерлі үнді биі үшін І орынды кіші топ иеленді. Мектеп би үйірмесінің жетекшісі, Мельнова Олеся Александровна балалардың дарындылығын дамытуға қосқан үлесі үшін, жоғары кәсіпқойлығы үшін «Алғыс хат» алғыс хатымен марапатталды. Кәсіби қазылар алқасы жас бишілердің шеберлігін, жарқын костюмдерін және халық билерінің тамаша орындалуын атап өтті. «Менің есімде «ZHULDYZ ART MUSIC FESTIVAL» өте жарқындылығымен есте қалды. Менің ойымша, барлық ұжымдар лайықты өнер көрсетті, бірақ біздің дайындық пен қажырлы еңбегіміздің арқасында біз алға шықтық», - деп, би ұжымының жетекшісі, Олеся Александровна атап өтті. 21 оқушыдан тұратын ересек би тобы мектепте 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, 20 бірінші сынып оқушыларынан құралған кіші топ топта бірінші жыл жаттығады. «Мәдени революция» тобы 2019 жылы «Жаңа жылдық DREAMFEST» халықаралық байқауында халықтық-сахналық үнді биі үшін гран-при, «Би Бала» хореография бойынша халықаралық байқауында І орын, «Күз. Балалар. Бақыт» республикалық шығармашылық фестиваль-байқауында ІІ орынды иеленді.