«Абай әлемін танимыз»
18 ақпан күні 3 «Б» сыныбында «Абай әлемін танимыз» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа маңызын көрсету. Оқушылар Абайдың өлеңдерін, «Қара сөздерін» оқып, сурет көрмесіне қатысты.
