Бүгін Павлодар қаласының №42 мектепке дейнігі гимназиясында облыстық "Тіл тұғырым" жобасы аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған семинар өтті.
Іс-шара Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинар барысында педагогтер тәрбиеленушілермен жүргізілетін түрлі іс-әрекет түрлерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Облыстың қазақ тілі педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңашыл идеяларын ортаға салды.
Іс-шара аясында педагогтер арасында кәсіби диалог орнап, тіл дамыту бағытындағы тың тәсілдер жан-жақты талқыланды.
Семинар қатысушыларға мол тәжірибе мен шабыт сыйлады.

















