№42 мектепке дейінгі гимназиясында "Қауіпсіз терезе" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Педагогтер балаларға терезе жанында өзің қауіпсіз ұстау ережелерін әңгіме, сюжеттік - рөлдік ойындар арқылы түсіндірді.
Балалар терезеге өздігінен жақындауға, оның алдында ойнауға немесе тере алдына шығуға болмайтынын білді.
Іс-әрекеттер көрнекі материалдармен, қызықты ойындармен, мультфильмдермен және тәжірибелік тапсырмалармен толықтырылды.
Мұндай шаралар бүлдіршіндердің күнделікті өмірдегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.


