20 мамыр күні Павлодар қаласының #42 мектепке дейінгі гимназиясында “Sport and Family” атты спорттық мереке өтті.
Бұл шара Отбасы күніне орай ұйымдастырылып,оған ересек топ тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. Қатысушылар командамен әрекет етіп, өзара қолдау мен түсіністікті көрсете білді.
Мереке - спорттың тек денсаулықты ғана емес, сонымен қатар отбасы бірлігін де нығайтатынның жарқын дәлелі болды.
“Sport and Family” мерекесі жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Бұл күн гимназия өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналды.










